Спикер ғылыми ұйымдардың мәліметіне сәйкес бекіре тұқымдас балықтардың Жайық өзені бойынша көтеріліп, Батыс Қазақстан облысы шегінде байқалғанын атап өтті. «Акция қорытындысы бекіре мен басқа да балық түрлерінің жетілген дарақтарының уылдырық шашатын жерлерге көшуін қамтамасыз ету бойынша бірлескен іс-шараларды өткізудің тиімділігін көрсетті. Осыған байланысты құқық қорғау және табиғат қорғау органдарымен тығыз өзара іс-қимыл жалғасын табады» - деді А.Бахиянов.