«Бірлескен іс-шаралар нәтижелері бойынша барлығы 471 құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде 318 - заңсыз аулау, 21 - балық және балық өнімдерін тасымалдау, 30 - сатып алу немесе өткізу фактілері бойынша. Сондай-ақ 385 құқық бұзушы ұсталды, заңсыз айналымнан 18,6 тонна балық, оның ішінде 1,6 тонна бекіре тұқымдас және 1 кг уылдырық тәркіленді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру 54 факті бойынша жүргізілуде, оның ішінде ҚР ҚК-нің 335-бабы бойынша Балық ресурстарын және басқа да су жануарлары мен өсімдіктерін заңсыз аула - 11, ҚК-нің 196-бабы бойынша - Көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алу немесе өткізу - 11, ҚР ҚК 339-бабы бойынша - Өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін заңсыз аулау - 32. Бұл ретте 11 қылмыстық іс аяқталып, сотқа жіберілді», - деді ведомство өкілі.

Оның мәліметінше, 410 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 7,5 млн теңге сомасына әкімшілік айыппұл салынды. Мұндай шараларды тұрақты түрде өткізу жоспарланған. Спикер азаматтарды берілген балық аулау ережелерін бұзбауға шақырды.