Жиын барысында Қауіпсіздік кеңесінің хатшылары халықаралық және өңірлік ахуал туралы пікір алмасып, Ұйымның қазіргі жағдайы мен дамыту перспективаларын талқылады. 

Сонымен қатар Ауғанстандағы әскери-саяси ахуалдың қазіргі жағдайы мен елдің одан әрі дамуына қатысты ой-пікірлерін ортаға салды.

Халықаралық терроризм, киберқылмыс, есірткінің заңсыз айналымы сияқты қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл шараларына да баса мән берілді.

Ғизат Нұрдәулетов сөйлеген сөзінде әріптестеріне Ұйым қызметінің маңызды бағыттары туралы өз ұстанымын айтып, Қазақстанның мүддесін ілгерілету және ҰҚШҰ-ның одан әрі үйлесімді дамуы жөнінде бірқатар ұсыныс берді.

Дәл осы күні ҰҚШҰ ҚКХК отырысына қатысушы – делегация басшыларын Арменияның Премьер-министрі Никол Пашинян қабылдады.

ҰҚШҰ-ға Армения Республикасы төрағалық ететіні ескеріліп, Қауіпсіздік кеңесі хатшылары комитетінің кезекті отырысы 2022 жылдың  екінші жартысында Ереванда, ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясы қарсаңында өтетін болды.