Оның айтуынша, өнеркәсіп 2,4%-ға өсті, бұл негізінен газ және газ конденсатын өндіру көлемінің ұлғаюымен байланысты. Өңдеу өнеркәсібінде өсім сорғы-компрессорлық құбырлар, тегістеу шарлары, арнайы техника, силикат кірпіш, полиэтилен құбырлары және басқа да тауарлар өндірісін ұлғайту есебінен қамтамасыз етілді.


«Негізгі капиталға салынған инвестициялар 140 млрд теңгені құрап, сыртқы және бюджеттік инвестициялар есебінен 2%-ға артты. Мұнай және газ құбырларын, тұрғын және тұрғын емес мақсаттағы 600-ге жуық жаңа ғимарат салу есебінен құрылыс секторы 2,3%-ға өсті. 206 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 1000 шаршы метрге артық. Қала аралық тасымалдардың қайта жандануына және автобустарда электрондық билеттеудің енгізілуіне байланысты көлік қызметтерінің көлемі 1 млрд теңгеге ұлғайды. Мал бордақылау алаңдарының ет өндірісін азайту есебінен ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемінің аздап төмендегені байқалады. Сондай-ақ, ішкі сауда көлемі, негізінен ресейлік тауарлар импортына шектеулер енгізу себебінен аздап кеміді», - деп түйіндеді спикер.