2021 жылы облыс бойынша тіркелген агроқұрылымдарға 14,2 млрд теңге көлемінде субсидия төленді. Халықты картоп, пияз, қырыққабат, сәбіз қажеттіліктерін толық қанағаттандыру мақсатында өңірде «Жасыл белдеу» жобасы аясында дақылдар алқабы 40%-ға ұлғаяды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев мәлімдеді.
Сондай-ақ жобада көкөніс қоймаларының сыйымдылығын арттыру жоспарланған.
«Былтыр сыйымдылығы 6 мың тоннаны құрайтын 3 қойма салынса, осы жылы 13 мың тонналық 4 көкөніс қоймасын салу жоспарланған. Сонымен қатар сүт және сүт өнімдерінің импортына тәуелділікті төмендету мақсатында «Сүт белдеуі» жобасы ойынша былтыр сүт өндірісі көлемі 3 мың тоннаға артса, биыл қосымша 5 мың тоннаға артуы тиіс», - деді өңір басшысы.
Осы жұмыстар өңір тұрғындарын азық-түлікпен қамтамасыз етуге және бағаны тұрақтандыруға өз септігін тигізеді.
Брифингтерден хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналға жазылыңыз!