«Жыл соңына дейін 5 мектеп пайдалануға беріледі. Сол арқылы апатты жағдайдағы 3 мектептің мәселесі шешіледі. Бұған қоса, 9 елді мекенде 9 мектептің құрылысы басталады. Дамуында ауытқуы бар балаларға білім беру үшін тиісті жағдайлар жасалып жатыр. Өңірде аутизмге шалдыққан балаларға арналған оқу орталығы ашылды. Сонымен қатар ақыл-ойы кем балалар жұмысшы мамандығын алуы үшін арнайы мектеп жанынан колледж өз жұмысын бастады»,  -  деді облыс әкімі.