Оның айтуынша, 2022 жылы 6 дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің және 10 спорттық алаңының құрылысы жүргізілуде.

«Соңғы 3 жылда жаттықтырушылардың еңбекақысының өсуі олардың сапалық құрамының да жетілуіне алып келді. Облыс бойынша жоғары санатты жаттықтырушылардың саны 46% өсті. Осы аталған қолдаулардың нәтижесінде облыс спортшыларының спорт түрлері бойынша ресми республикалық және халықаралық жарыстардағы нәтижесі 2019 жылмен салыстырғанда 34%-ға өсіп отыр», - деді спикер.