«Тағы бір мәселе – электр қуатымен жабдықтау. Өткен жылдың соңында жергілікті ӨЭК жеке компаниядан коммуналдық меншікке қайтарылды. Бұл монополистің дамуына қаражат бөлуге мүмкіндік береді. Электр желілерін жаңғырту мәселесі Президент Әкімшілігінің бақылауында және 2023-2025 жылдарға арналған Батыс Қазақстан облысын дамытудың кешенді жоспарына енгізілген», - деп түйіндеді спикер.