Мысалы, биыл Ақсай моноқаласында инсульт орталығы ашылады. Сондай-ақ, 18 медпункт, 18 ФАП, 6 дәрігерлік амбулатория құрылысын жобалау аяқталып, олардың құрылысы басталады.

«Өткен жылдың күзінде барлық медициналық мекемелерге жабдықтардың жағдайы мен қызметкерлердің сапасы бойынша талдау жасалды. Медициналық желіні жаңғырту жоспары әзірленді. Ол бойынша жұмыс істейміз. Кадр тапшылығын азайту үшін Орал қаласында Асфендияров және Оспанов атындағы университеттердің филиалдары ашылды. Бұл дәрігер кадрларының тапшылығын төмендетуге және медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Жыл сайын жұмысқа 90-ға жуық жас дәрігер келеді. Медициналық мамандықтарға гранттар көбейтілді. Мысалы, биыл  жергілікті бюджеттен 60 грант және республикалық бюджеттен 82 грант берілетін болады», - деп атап өтті спикер.