«Мақсатымыз – Агенттік телеөнімдері мен брендін жаңа нарыққа шығарып, ілгерілету. Тиісінше, кәсіби және техникалық тұрғыдан өзара тәжірибемізбен және телеөнімдерімізбен алмасуды,  бірлескен жобаларды іске асыруды, Иранның БАҚ саласындағы іс-шараларына қатысуды көздеп отырмыз», - деді «Хабар» Агенттігі АҚ Басқарма Төрағасы Берік Уәли.        

Анықтама үшін: IRIB (Islamic Republic of Iran Broadcasting) телерадиохабар тарату компаниясы – 1979 жылы құрылған Азиядағы ең ірі медиакомпаниялардың бірі. Иранның жетекші хабар таратушысының құрамына 12 ұлттық телеарна, 4 халықаралық жаңалықтар арнасы, халықаралық аудиторияға арналған 6 спутниктік арна, сондай-ақ 30 аймақтық арна кіреді. Барлық телеарналарды спутниктік және кабельдік теледидар арқылы көруге болады.