Қазіргі уақытта соттың санкциясымен қаңтар оқиғаларына қатысы бар 514 күдікті қамауда.

Қамауға алынған әрбір адам бойынша олардың ауыр қылмыстарға қатыстылығы және белсенді қатысуы туралы жеткілікті мәліметтер бар. Олардың барлығына қорғалу құқығы, санитарлық нормалар, тамақтану, дәрі-дәрмектер және ұстаудың тиісті жағдайлары қамтамасыз етілуде.

«Жеке басын, денсаулық жағдайын және басқа да сипаттайтын мән-жайларды ескере отырып, 284 адамның қамауда ұстау бұлтартпау шарасы, ешқайда кетпеу туралы қолхатқа, кепілге, үйқамаққа алуға және жеке кепілгерлікке ауыстырылды.  Егер адамдар анықталса, онда қажетті тергеуәрекеттері жүргізілгеннен немесе іс жүргізу келісімі жасалғаннан кейін істер дереу сотқа жіберілуде.  Бүгінгі күні сотқа 392 қылмыстық іс жолданды, нәтижелері бойынша 433 адам әртүрлі жазалау шараларына сотталды. Мемлекет басшысының ауырлататын мән-жайлар болмаған кезде жазаны жеңілдету жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында, 5 прокурорлар соттарды бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазаларды тағайындауға бағыттауда. Сот процестік келісім шеңберінде келіп түскен жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу туралы қылмыстық істерді қарау нәтижелері бойынша басбостандығынан айыруға байланысты емес жазаларға 34 адамды сотталды. Қаруды ұрлаумен және сақтаумен байланысты  ауыр қылмыс жасаған, залалды өтемеген және өтелмеген соттылығы бар 46 сотталушы бас бостандығынан айырудың нақты мерзімі тағайындалды», - деді спикер.