Бұл істер бойынша 15 құқық қорғау және арнайы органдардың қызметкерлері күдікті ретінде танылды, оның 9-ы қамауда.


«Атап айтқанда, Алматы облысында қызған бу үтікті пайдалану арқылы азаптау ісі бойынша 25 адам жәбірленуші болып танылды. Барлық арызданушылар азаптауды қолданудың ұқсас тәсілін сипаттады. Жедел-тергеу әрекеттердің нәтижелерінде арнайы прокурорлар 5 полиция қызметкерінің қатыстылығын анықтады. Олардың үшеуі кінәларын мойындады. Алматы облысының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Департаментінің екі қызметкеріне қатысты тергеу әрекеттерін аяқтадық. Олар ұсталған адамды ұрып-соғып, нәтижесінде оның өліміне әкеп соғуы бойынша күдіктелуде. Азаптаулар бойынша қылмыстық істерді тергеу ерекшелігімен сипатталатынын атап өту қажет. Жәбірленушілердің көпшілігі қатысы бар адамдарды анықтай алмайды, өйткені олар бетперде киген немесе арнайы киім-кешексіз болған. Істер бойынша бейне жазбалар жоқ, себебі полиция ғимараттарына шабуыл жасау нәтижесінде құрал-жабдықтар бүлінген. Осыған қарамастан, дәлелдемелерді жинау бағытында тергеу және процестік әрекеттердің барлық кешенді шараларының жүргізілуі қамтамасыз етілуде. Барлық істер бойынша тергеушілер адам құқықтарын қорғау жөніндегі халықаралық стандарттарға сәйкес азаптауларды тергеп-тексеру әдістемелерін пайдалануда», - деді спикер.


Міндетті түрде психологиялық-психиатриялық сараптама жүргізілуде, жәбірленушілердің психоэмоционалдық жай-күйі зерделенуде.