Оның айтуынша, судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері республикалық деңгейде төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның отырысында, өңірлерде төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық, қалалық, аудандық комиссияларда қаралып, нақты міндеттер мен іс-шаралар айқындалған. 


«Қазіргі таңда елімізде шомылуға рұқсат етілген 497 орын бекітілген, оның ішінде 142-сі  коммуналдық, 341-і жеке жағажайлар және 14 орын бойынша нақты иелерін бекіту жұмыстары жүргізілуде», - деді спикер.