Ескерту жұмыстары аясында жыл басынан бері еліміздің су қоймаларында 50 адам құтқарылды, оның ішінде 10-ы бала. Куәгерлер көмектесті.  

«Алайда, орын алған қайғылы оқиғаларда бар. Бүгінгі күні, өкінішке орай, судағы қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан адамдардың қаза болу фактілері тіркеліп отыр, қаза болған 81 адам, оның ішінде 32 бала. 2021 жылдың сәйкес кезеңінде 125 адам суға кетсе, оның ішінде 64-і бала болатын. Адамдардың қаза болуы 35%-ға, балалардың қаза болуы 2 есе азайды. Шомылу маусымы басталғаннан бері 36 адам суға кетсе, оның ішінде 19-ы бала», - деді спикер 


Қаза болудың негізгі себептері жабдықталмаған жерлерде шомылу және балаларды қараусыз қалдыру болып отыр.