Ең бастысы, балаларды су айдындарының жанында қараусыз қалдырмау және ересектердің қарауынсыз шомылуына жол бермеу. 
«Бейтаныс және шомылуға жабдықталмаған орындарда, сондай-ақ «Шомылуға тыйым салынады», «Сүңгуге тыйым салынады», «Қауіпті! Иірім» белгілері орнатылған жерде шомылмау, мас күйде шомылмаңыз; жүзу шекарасын белгісінен асып жүзбеңіз; шағын көлемді кемелерге және басқа да жүзу құралдарына жақындамаңыз; тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде шомылмаңыз; жүзуге арналмаған заттармен жүзбеңіз; қайықтардан, катерлерден, айлақтардан, табиғи түзілімдерден (жартастар, тастар, парапеттер, қоршаулар), сондай-ақ осы мақсаттарға бейімделмеген құрылыстардан суға секіруге болмайды», - деді құтқарушы.  
Айта кетейік, тыйым салынған жерлерде шомылуға, сондай-ақ шағын кемелерде және басқа да жүзу құралдарында жүзуге әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.