«Өңдеу уақтылы және жоғары биологиялық тиімділікпен жүргізіледі. Шегірткелердің ҚХР, РФ, ӨР көршілес мемлекеттердің аумағынан шекаралас аумақтарына көшуін болдырмау үшін шегірткелер зиянкестерін анықтау мақсатында бірлескен зерттеулер жүргізілді. Жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде ауыл шаруашылығы дақылдарының егістіктерін зақымдау, сондай-ақ шегірткелер зиянкестерінің көрші мемлекеттердің шектес аумақтарына көшуі анықталмады. Айта кетейік, фитосанитариялық шаралардың нәтижесінде шегірткелердің таралу алаңын 2018 жылғы 1,7 млн гектардан 2022 жылы 970 мың гектарға дейін қысқартылды. Зиянды арамшөптер бойынша биыл тексеру алаңы – 8,7 млн га құрады. Арамшөптерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары – 14 млн га алаңда жүргізілмек. Биыл гербицидтерге бөлінген субсидияның – 40 млрд тенге сомасы, 24,7 млн га жерге химиялық өндеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді. Жалпы 2022 жылы аса қауіпті зиянды организмдер бойынша таралу көлемі 2,1 млн га алаңда болжамдалуда, оның ішінде дәнді дақылдар аурулары 1,7 млн га, астықтың сұр көбелегі 221 мың га. Пестицидтердің құнын 50%-ға арзандатуға 2 млрд теңге сомасында субсидиялау көзделген, бұл өңделген аумақты - 1,8 млн га субсидиялауға мүмкіндік берді», - деді ведомство өкілі.