«Зерттеуші мекеме мамандарымен 58 мың га алқапта зерттеу жүргізілді, шалғынды көбелегінің зияндылықтың экономикалық шегінен жоғары қоныстану алаңы 11,5 мың га-ға белгіленді, оның ішінде Ақтөбе облысында, Атырау облысында ШҚО-да. Фитосанитариялық ахуалдың нашарлау тәуекелдеріне шұғыл ден қою мақсатында шалғын көбелекті аса қауіпті зиянды организмдер тізбесіне ауыстыру жөнінде шаралар қабылданып, тиісті бұйрық бекітілді. Бұл бұйрық жергілікті атқарушы органдарға өз есебінен күреске қаражат бөлуге рұқсат етеді. Қабылданып жатқан шараларға қосымша фитосанитариялық ахуал нашарлаған кезде шұғыл фитосанитариялық іс-шараларды жүргізу тәртібін регламенттеуді көздейтін бұйрық жобасы әзірленді. Ол мемлекеттік органдармен келісуден өтіп жатыр. Жақын арада бұл бұйрық бекітіледі деп күтілуде», - деді спикер.  


Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасының айтуынша, Ақтөбе және Атырау облыстарының әкімдіктері жергілікті бюджет қаражаты есебінен шалғын көбелекке қарсы шұғыл фитосанитариялық өңдеу жүргізуді ұйымдастыру және шалғын көбелектің ауыл шаруашылығы егістіктерін зақымдауына жол бермеу бойынша бірлескен іс-шаралар өткізу мәселесін пысықтады.

 
«2020 жылға дейін шалғынды көбелекке қарсы фитосанитариялық іс-шараларды жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүргізілген, бірақ 2019-2020 жылдардағы реформаның қорытындысы бойынша АШТӨ-нің талабы бойынша, «Атамекен» ҰКП-ның келісуі кезінде шалғын көбелекке қарсы қорғау іс-шараларына кеткен пестицидтердің құнына 50% субсидия бере отырып, жер иеленушілер мен жер пайдаланушылардың жауапкершілігіне берілген», - деді А.Марс.