Жиынға Қазақстан әскері атынан инженерлік-саперлік құраманың әскери қызметшілері қатысып отыр.

Сапер мамандар теориялық білімдерін іс жүзінде бекітіп, тактикалық-арнайы және арнайы дайындықтар бойынша нормативтерді орындайды.

Жиын барысында Іле өзені арқылы паромдық өткел жүргізу, робототехникалық кешендерді қолдана отырып, жол учаскесін және объектілерді минасыздандыру секілді инженерлік қамтамасыз ету тапсырмалары бірлесіп пысықталатын болады.

Инженерлік бөлімшелердің бірлескен жиыны 23 маусымға дейін жалғасады.