Тараптар жоғары деңгейдегі саяси диалогты одан әрі дамыту қажеттігін атап өтіп, сондай-ақ сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективаларын талқылады. Көлік-логистика саласындағы өзара іс-қимыл, оның ішінде Транскаспий халықаралық көлік дәлізін дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Орталық Азия - Еуропалық одақ форматындағы өңіраралық өзара іс-қимылдың маңыздылығы атап өтілді.
 
Тараптар елдер арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 30 жылы ішінде жақсы нәтижелерге қол жеткізілгенін қанағаттанушылықпен атап өтіп, екіжақты Үкіметаралық комиссия және Іскерлік кеңес сияқты тетіктерді белсенді пайдалану кезінде ынтымақтастықты тереңдету үшін барлық күш-жігерді жұмсауға келісті.

Аустрия Қазақстанның Еуроодақтағы маңызды сауда серіктестерінің бірі. Үстіміздегі жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында тауар айналымының көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,3%-ға өсіп, 52,1 млн АҚШ долларын құрады. Өткен жылы тауар айналымы 163,1 млн АҚШ долларына жетті.