«Ауғанстанның шығысындағы жойқын жер сілкінісінен көптеген адам қаза болуына байланысты ауған халқының қайғысына ортақпыз. Қазақстан халқы мен басшылығы атынан осы апаттан қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасына шын жүректен көңіл айтамыз. Тезірек сауығып, қалыпты өмірге оралуды тілейміз», делінген ведомство хабарламасында.

Еске салайық, сәрсенбіде Ауғанстанда магнитудасы 5,9-6,1 балл  жер сілкінісі болып, оның салдарынан 1500 адам қаза болды, 1000 адам түрлі жарақат алды. Оқиға Пәкістанмен шекаралас оңтүстік-шығыс Хост қаласынан 44 шақырым жерде болған.