Оның айтуынша, биыл жаздық егіс алқабы 1 млн гектардан асты. Дәнді дақылдар, картоп пен көкөніс отырғызу ұлғайды. Тұрақтандыру қоры құрылып, тиімді жұмыс істеп тұр.  


«Өнім қоры жеткілікті және олар үнемі толықтырылып отырады. Мысалы, қазір тұрақтандыру қорында қант көлемі 235 тонна, коммерциялық құрылымдарда - 598 тонна. Сонымен қатар күн сайын осы және басқа да өнімдер қосымша жеткізіледі. Бұдан басқа, тұрғын үй құрылысы саласында оң динамика байқалады. Жыл қорытындысы бойынша 650 мың м2 енгізу жоспарланып отыр, бұл өткен жылдан 12%-ға артық. Мыңнан астам отбасы мемлекеттік жалға берілетін және кредиттік баспана алады. «Отбасы банкімен» бірлесіп, кеншілер мен металлургтер, барлық қызмет саласындағы жас мамандар үшін жеңілдетілген тұрғын үй несиелеудің өңірлік бағдарламалары енгізілді», - деді облыс әкімі.