«Облыс тұрғындарының қажеттіліктерін ескере отырып, денсаулық сақтау инфрақұрылымын жетілдіру жалғасуда. Күзге қарай облыстық балалар ауруханасының құрылысы аяқталады. Облыстық онкологиялық диспансердің операциялық-реанимациялық корпусының құрылысы жүріп жатыр. Ауылдық жерлерде 6 модульді фельдшерлік-акушерлік бекеттер салу басталады. Сонымен  қатар, биыл 21 мыңнан астам бірінші сынып оқушысы сабаққа келеді деп күтілуде. 1-4 сынып аралығында балалар тегін ыстық тамақпен қамтылған. 2025-ші жылға дейін 19 мектеп, соның ішінде апатты мектептердің орнына 2 мектеп салынады. Биыл 4 мектепті іске қосу жоспарланған. 142 білім беру нысаны жөнделеді. Барлық білім беру ұйымдарында дабыл беру түймелері мен ескерту жүйелері орнатылған. Мектептерде мамандандырылған күзет енгізілді және турникеттер орнатылды. Барлық білім беру ұйымдарында бейнебақылау жүйесін сәйкес келтіру бойынша жұмыс жүргізілуде»,  - деді облыс басшысы.