Кездесу барысында Қазақстан мен Ресейдің әскери саладағы екіжақты ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі талқыланды.

Кадрларды даярлау, жауынгерлік даярлықтың бірлескен іс-шараларын өткізу, әскери-техникалық ынтымақтастық мәселелері бойынша тыңғылықты диалог болды. Тараптар Орталық Азия өңіріндегі сын-тегеуріндер мен қауіп-қатерлерге қатысты пікір алмасты.