Кездесуге ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова, «Ахыска» түрік этномәдени орталығы» РҚБ Нұр-Сұлтан қаласындағы филиалының төрағасы Әскер Пириев қатысты.

Тараптар екі елдегі құқық қорғау қызметінің жалпы мәселелерін, сондай-ақ этносаралық қатынастардың кейбір аспектілерін талқылады.

«Бүгінгі таңда екі ел арасындағы қарым-қатынас Қазақстан мен Түркия президенттері Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайып Ердоғанның жүргізіп отырған табысты саясатының арқасында дәйекті түрде дамып келеді. Үлкен геосаяси және экономикалық әлеуеті бар екі елдің стратегиялық ынтымақтастығы бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, сондай-ақ экономикалық дамуды одан әрі күшейтуге бағытталған.

Жоғары деңгейдегі ынтымақтастық негізінде құрылған қарым-қатынастар үнемі нығайып келеді», – деп атап өтті М.Әзілханов.

Өз кезегінде Шереф Малкоч мемлекетаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті. «Екі елдің ҚХА желісі бойынша бірлескен жұмыс құқықтық саладағы ағымдағы зерттеулерге үлес қосады. Соның арқасында біз пайда табу немесе тәжірибе алмасу, сондай-ақ ағымдағы бастамаларды қолдау мүмкіндігіне ие боламыз», – деп атап өтті Бас омбудсмен.