Азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрсерік Шәріпов қонақтармен әңгімелесу барысында оларды жүргізіліп жатқан реформалар, әкімшілік әділетті енгізу, татуластыру рәсімдерін дамыту және т.б. туралы хабардар етті.

Н. Шәріпов екі ел арасындағы өзара іс-қимылдың жоғары деңгейіне қол жеткізілгенін, қазақстандық және түрік сот жүйелері арасындағы көпжылдық ынтымақтастықтың өріс алып отырғанын атап өтті. Сондай-ақ, конституциялық заңдылықты, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету туралы сөз болды.

Сапар аясында Департамент басшысы Наиль Ахметзакиров Ахуалдық орталықта түрік делегациясын электрондық сот ісін жүргізу жүйесімен, «Сот кабинетінің» мүмкіндіктерімен, барлық өңірлердегі соттар жұмысының 850 көрсеткішін бақылауға мүмкіндік беретін автоматты бағдарламамен таныстырды.

Кездесу соңында Ш. Малкоч жылы қабылдау үшін алғысын білдірді. Ол Қазақстанның сот жүйесіндегі цифрлық мүмкіндіктердің дамуына оң баға беріп, екі бауырлас елдің тарихи, мәдени және ұлттық ортақтығын атап өтті.