Аймақ басшысы тұрғындарды жаңа емхананың ашылуымен құттықтап, ауданға қажетті нысандарды салу алдағы уақытта да жалғасын табатынын жеткізді.

“Бүгін сіздермен көптен күткен ауысымына 250 келушіге арналған аудандық емхананың ашылу салтанатында жүздесіп отырмыз.

Бұл – тек қазалылықтар үшін ғана емес, барша облыс халқы үшін аса маңызды жаңалық.

Жаңа аурухана науқастарға сапалы, жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету үшін заманауи медициналық техникамен, құралдармен жабдықталған.

Ресейден «Ангиограф» медициналық аппараты алынып, орнатылды. Бұл коронарография жасайтын аппарат аудандар ішінде тек Қазалыда ғана бар.

Бұның барлығы сіздердің сапалы дәрігерлік көмек алуларыңыз үшін жасалған игі істер”, - деді аймақ басшысы.

Іс-шарада «РЗА» акционерлік қоғамының президенті, Қызылорда облысының құрметті азаматы Самұрат Имандосов жерлестерін құттықтап, жылы лебізін білдірді.

Облыс әкімі емхананың 1 қабаттағы орналасқан медициналық кабинеттердің жұмыстарымен танысты.  «Жасыл дәлізден» өтіп, балалар бөлімін аралап шықты және рентген, флюрография, маммография және ФГДС кабинеттерінің жұмыстарымен танысып шығады.

Айта кетейік, емхана құрамында қабылдау бөлімі, педиатрия, жұқпалы аурулар бөлімі, рентгендік диагностикалық бөлім, ортопедия және бронхоскопия, УДЗ кабинеті сынды бөлімдерде білікті дәрігерлер мен тәжірибелі мейірбикелер қызмет көрсететін болады.