Форум жұмысына Пусан, Ульсан және Поханг қалаларының, дипломатиялық корпустың өкілдері, кәсіпкерлер және Еуразия елдері бойынша оңтүстік кореялық сарапшылар қатысты. Іс-шара барысында тараптар Оңтүстік Корея мен Орталық Азия қалалары арасындағы практикалық ынтымақтастықты жандандыру мәселелерін талқылады.

Б. Дүйсенбаев Қазақстанның Пусан қаласы және Кореяның оңтүстік провинцияларымен ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі екенін атап өтті.

Өз кезегінде Пусан қаласы мэриясының Дипломатия және сауда департаментінің директоры Шин Хён Ги Пусан қаласы Алматы қаласымен ынтымақтастық орнатуға мүдделі екенін жеткізді. Атап айтқанда, жақын арада Пусан қаласы мэриясының ресми делегациясының Алматыға сапары күтілуде.

Іс-шара соңында тараптар Еуразия өңіріндегі саяси және экономикалық жағдайды талқылады.