«Қазақстандық спортшылар Олимпиадада ерекше белсенділік танытып, жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Сіздердің жеңістеріңіз Сурдлимпиадалық спортты дамытуға серпін береді деп үміттенеміз. Барлық спортшыларға, жеңімпаздарға, жаттықтырушыларға ерекше алғысымды білдіремін. Сіздерді жеңісіңізбен шын жүректен құттықтаймын», - деді марапаттау рәсімінде ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев.

Айта кетейік, XXIV Сурдлимпиадада бірінші орын алғандарға 250 мың АҚШ доллары мөлшерінде сыйақы және тұрғылықты жері бойынша үш бөлмелі пәтер беріледі. Екінші орын алған спортшыларға-150 мың АҚШ доллары және екі бөлмелі пәтер, үшінші орын үшін - 75 мың АҚШ доллары және бір бөлмелі пәтер беріледі.