«Қант зауыты жобасын жүзеге асырумен «Павлодар» ӘКК айналысады. Бұл біздің өңір үшін ғана емес, сонымен қатар қантпен қамтамасыз етудегі қазіргі проблемаларды ескерсек, әлеуметтік маңызы бар жоба. Оның ерекшелігі - ол қант шикізатының емес, қант қызылшасы негізінде салынатын болады. Өйткені қант шикізаты шетелден әкелінеді. Бүгінгі күні жобалық-сметалық құжаттама, жұмыс жобасы іс жүзінде аяқталу сатысында және мемлекеттік сараптамаға жіберіледі. Жобалаушыға айтылған  шағымдар көп болды, 100-ден астам ескерту жасалды, жоба технологиялық тұрғыдан өте күрделі, өкінішке орай, біздің бұл салада біліктілігіміз жоқ. Онда қайта өңдеу, 900 мың тоннадан астам қызылша өсіру жоспарланған. Бұл жобалық қуаты бойынша 120 мың тоннаға дейін қант өндіруге мүмкіндік береді. Қайталап айтамын, бұл ретте тиісті біліктілік қажет және бұл жобаны тез арада қабылдау мүмкін емес, өйткені мемлекеттік сараптама арқылы өтетін мұндай жобалар іс жүзінде жоқ деуге болады. Сондықтан бұл жұмыс жалғасын табады. Біз жыл соңына қарай мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын аламыз және кейіннен осы жобаны нақты бағалағаннан кейін инвесторларды іздеумен белсенді айналысамыз деп жоспарлап отырмыз. Жобаны толыққанды іске асыру үшін біліктілігі, технологиясы бар адамдар келуі тиіс. Бұл тез жүзеге асырылмайтын, бірақ әлеуметтік аса маңызды жоба, біз оған үлкен басымдық беріп отырмыз», - деп түйіндеді спикер.