Тараптар, консулдық салада екі ел арасында мазмұнды диалогтың басталуын айта келе, екі ел арасында достас қатынастарды нығайтуға ниеттерін растап, консулдық саладағы ықпалдастықтағы өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Екі ел арасындағы байланыстарды кеңейтуге жағдай жасау мақсатында Қазақстан мен Никарагуа азаматтары үшін бір біріне сапар шегу үшін визалық талаптардан босату жөнінде үкіметаралық келісімге жақын арада қол қою мүмкіндіктері талқыланды.