Кездесу барысында омбудсмендер адам құқықтары жөніндегі ұлттық институттар қызметінің тиімділігін арттыру саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту және құқықтық мәртебесін одан әрі нығайту, әйелдер мен балалардың құқықтары, отбасының рөлі, мүгедек адамдардың құқықтары, сондай-ақ қоғамнан оқшаулауды қамтамасыз ететін мекемелердегі адам құқықтары мәселелерін қарау мәселелері бойынша пікір алмасты.
Форумның мақсаты – БҰҰ Бас Ассамблеясының 1993 жылғы қарарымен қабылданған Париж қағидаттарын, адам құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау кепілдіктерін, оның ішінде олардың бұзылуы туралы өтініштерді қарау арқылы қамтамасыз ету, әйелдердің, отбасылардың, балалардың және мүгедек адамдардың құқықтарын қорғауға және ілгерілетуге жәрдемдесу, сондай-ақ олардың құқықтарын қорғау бойынша пәрменді шаралар қабылдау адамдарды ұстау орындарында адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер жасаудың өзге де нысандарының алдын алуға бағытталған іс-шараларды жүргізу, (https://www.un.org/ru/documents/decl_conv/conventions/paris.shtml).
Форум қорытындысы бойынша Орталық Азия елдерінің Омбудсмендерімен екіжақты меморандумдарға қол қою рәсімі өтті. Қазақстан омбудсмені мен Өзбекстан омбудсмені адам құқықтарын қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.