1 шілде жақындаған сайын Маңғыстау облысының тұрғындары МИБ құруға ниеттерін білдіріп жатыр. Аз ғана уақыт қалғанына қарамастан бұл жұмыс қарқынды жүріп жатыр. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен дөңгелек үстел барысында «Маңғыстау облысының басқарушы сервистік компаниялары мен мүлік иелері бірлестіктерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы Қайырғалы Қалмұқанов өңірде ПИК-тен МИБ-ке көшу қалай жүріп жатқаны жайлы баяндады.
«Уақыт жақындаған сайын халық мүлік иелері кооперативін құруға асығуда. Қазіргі кезде облыста 104 астам МИБ бар, соның ішінде бірде-бір МИБ жұмыссыз отырған жоқ. Бәрінің мәселелері шешіліп, жұмыстары жүріп жатыр. Меніңше, осы реформа жалғасуы тиіс», - деді спикер.
Оның пікірінше, жергілікті атқарушы органдардың көмегімен түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек. Себебі, интернет ресурстарда, уатсап топтарда МИБ туралы әртүрлі теріс ақпарат ұсынылуда.