«2026 жылға дейінгі кешенді жоспар аясында 2 мыңнан аса шақырым жол жөнделмек. Осылайша, облыстың барлық жолдары қалпына келтіріледі. Ауыз сумен қамтуға келсек, биыл су желісін тарту және жаңарту 55 ауылда жүргізіледі. Осылайша ауыл тұрғындарының 84% сумен қамтылады. 2026 жылға дейін ауыл халқы сумен 100% қамтамасыз етіледі», - деді спикер.
Сонымен қатар облыста 2 жылда 148 ауыл интернетке қосылды. Бұл елді мекендерде 35 мың адам тұрады. Қазір 635 ауылдың 491-і түрлі технологиялар арқылы желіге қосылған.
250-ден астам тұрғыны бар ауылдарды қосу жобасы орындалды. Енді 250-ден аз тұратын 69 ауыл мобильді интернетке қосылады.