Қазір облыс бойынша құрылыс 50 алаңда, жыл соңына дейін 61 алаңда жүргізілуде. 


«Біз 26 бюджеттік және 24 коммерциялық үй салып жатырмыз. Жыл соңына дейін 20 үйді пайдалануға береміз. Жас Өркен, Береке және Орталық сияқты жаңа шағын аудандары құрылды. «Қопай» шағын ауданын салу бойынша жоба қолға алынды. Ескі шағын ауданның тұрғындары мұны ұзақ күтті. 117 ескі жеке үй бұзылады, яғни 117 отбасы өздерінің тұрғын үй жағдайларын едәуір жақсартады. 9 тоғыз қабатты үйдің құрылысы басталады. Барлығы 2,8 мың пәтерлік 27 үй жобаланды. Бұл жаңа мектеп, балабақша және емханасы бар толыққанды шағын аудан болады», - деді спикер. 


Кезекте тұрғандар үшін де тұрғын үй салынып жатыр. Биыл көпбалалы отбасылар 120 пәтер алса, жетімдерге арналған 120 пәтер беріледі. 


Жалпы, 2026 жылға дейінгі кешенді жоспарға сәйкес 3,3 млн шаршы метр тұрғын үй салынады. 144 мың солтүстікқазақстандық тұрғын үй жағдайын жақсартады. Бұл облыс халқының үштен бірі.