Ведомствоның хабарлауынша, ИЫҰ мүшелері туризм саласында жүргізілген реформалар – визалық режимді жеңілдету, мәдени мұраны сақтау және тарихи қалаларды абаттандыруды жетістікке жетудің негізгі факторлары ретінде мойындады.
«Ислам әлемі туризмінің астанасы жылы аясында Хиуада ИЫҰ-ына мүше 57 елдің туризм министрлері мен туристік әкімшіліктері басшыларының отырысы, туризмнің әлеуетін ашатын ғылыми конференциялар, практикалық семинарлар, фотокөрмелер, арт-экспозициялар ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өткізіледі», – деп атап өтті Өзбекстан делегациясының басшысы, Премьер-Министрдің орынбасары, туризм және мәдени мұра министрі Азиз Абдухакимов.
Ислам әлемінің туристік астанасы атағына 5 қала үміткер болды: Абу-Даби (БАӘ), Шанлиурфа (Түркия), Лагос (Нигерия), Душанбе (Тәжікстан) және Хиуа (Өзбекстан).
Бұған дейін Түркияның Шанлыурфа қаласы ислам елдерінің 2023 жылғы туристік орталығы аталғанын хабарлаған болатынбыз.