Бүгін осы мобильді қосымшаның онлайн-таныстырылымы өтіп, қатысушылар интерфейстің ыңғайлығы мен қазақ және орыс тілдерінде орналастырылған ақпараттың өзектілігін жоғары бағалады.

Енді қазақстандықтар Қытайдың кез келген аймағында бола отырып, «WeChat» мобильді платформасындағы «Kaz Consul» парақшасына кіру арқылы неке қию, туу туралы куәлік, ұлттық паспорт, ЭЦҚ кілттер алу, сондай-ақ нотариаттық іс-әрекеттер жасау және т.б. мемлекеттік қызметтер бойынша тиісті ақпаратты алатын болады.

Сонымен қатар мобильді қосымшада консулдық округтердің картасы ұсынылған және консулдық есепке онлайн тұру мүмкіндігі қарастырылған.

Бұдан басқа «Kaz Consul» мобильдік қосымшасында көрсетілген телефондар арқылы азаматтарымыз ҚХР аумағындағы Қазақстанның консулдық мекемелерінің кез келген қызметкерімен тікелей байланыса алады.