«Осы жылдың 5 айының қорытындысымен де өңірде негізгі макрокөрсеткіштердің оң динамикасына қол жеткізілді. Өңір экономикасының негізгі салаларының дамуында тау-кен,  өңдеу өнеркәсібі, көліктік логистика, туризм және ауыл шаруашылығы салаларын дамытуға басымдылық беріліп отыр. Бұл үшін республикалық және облыстық  бюджеттен  қажетті қаражат бөлініп, әкімшілік, заңнамалық қолдау көрсетілуде. Биыл өңдеу өнеркәсібі есепті мерзімде 2,3% өсімді көрсетіп, 68 млрд теңгені құрады. Сондай-ақ жалпы құны 17,5 млрд теңге болатын 5 жоба іске асырылуда. Нәтижесінде жаңадан 455 жұмыс орны құрылады.
«Негізгі капиталға инвестициялар 229 млрд теңгені құрады. Осы жылы жалпы құны 120 млрд теңгеге 22 инвестициялық жобаны жүзеге асыру арқылы 1200 жұмыс орнын құру жоспарланған. Өңірге инвестиция тартуда арнайы экономикалық аймағының үлесі зор. Арнайы экономикалық аймақта 18 өндіріс ошағы жұмыс істеп тұр. Тағы 27 жоба жүзеге асырылмақ және оның төртеуі биыл іске қосылады деп күтілуде», - деді спикер.