Өткен жылы өңірде орын алған қуаңшылыққа орай үкіметтің қолдауымен қаржы бөлініп, қолдау көрсетілді, қажетті азық-түлік, жеем-шөп қамтамасыз етілді. Биыл бұл жұмыстар  жалғасын табады.  Үкіметтен 664 млн теңге бөлініп, нәтижесінде 313 шаруа қожалыққа және 2 711-ге жуық жеке қосалқы шаруашылығына барлығы 414 млн теңгеге көмек көрсетілді. 


«Орын алған жағдайдан кейін осы жылы ғылыми негізделген көпжылдық екпелі шөптерді өсіру мен жайылымдарды тиімді пайдалану технологиясын енгізу арқылы 3 инновациялық жоба іске асырылуда. Атап айтқанда: жаңа технологиялар қолдану арқылы 2 жоба көпжылдық екпелі шөптерді өсіру және 1 жоба геоақпараттық жүйе технологиясын пайдалану арқылы жайылымдардағы су қорын басқаруға қатысты. Бұл мақсаттарға облыстық бюджеттен 98 млн теңге бөлінді. Бұл істеер оң нәтижелерін берсе, онда ауыл шаруашылығын дамытуға, оның ішінде өсімдік, мал шаруашылығын дамытуға үлкен қолдау болады», - деді спикер. 


Сондай-ақ агроөнеркәсіп кешенін субсидиялауға 580 млн теңге бөлініп, бүгінге мал азығы құнын арзандатуға 101 шаруа қожалығына 180 млн теңгеге субсидия берілді. Бұған қоса, инвестициялық субсидиялау үшін республикалық бюджеттен 1,4 млрд теңге бөлініп, нәтижесінде 88 субъектіні қаржыландырылады. 


Өсімдік шаруашылығында 1 003 гектарға егістік көлемі егілді, нәтижесінде 22 мың тонна өнім алу көзделген.