«Облыста әлеуметтік маңызы бар тауарларға тұрақтандыру қоры қалыптастырылды. Жалпы 3 жылдың ішінде 3,3 млрд теңге жұмсалды. Биыл бұл мақсатта 1,5 млрд теңге бөлінді. Өңірлік тұрақтандыру қорында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің 16 түрі бойынша 5,5 мың тонна қоры жасақталды. Қазіргі уақытта Мемлекет басшысының тапсырмасына орай жеке инвесторлар есебінен Ақтау қаласында коммуналдық базары мен көтерме тарату орталығы құрылысы басталды, жобалар 2024 жылы іске қосылады», - деді облыс әкімі.