«Жұмыс жасаймын» өңірлік жобасы аясында 955 млн теңге бөлініп, 646 азамат тұрақты жұмыспен қамтылды. Сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес осы жылы «Алғашқы жұмыс орны» жобасы (қатысу мерзімі 18 айға дейін, жалақы мөлшері 30 АЕК-ке дейін) және Жастар тәжірибесінің (қатысу мерзімі 12 айға дейін, жалақы мөлшері 30 АЕК-ке дейін) қатысу уақыты мен жалақы мөлшері ұлғайтылды. Сондай-ақ Ресей Федерациясының «Татнефть» компаниясына сұхбаттасуға жалпы 531 адам қатысты, бүгінгі таңда нәтижесі бойынша 190 адам оң қорытындысы берілді. Бұл  жұмыс одан  әрі жалғасады»,  - деді Н.Ноғаев. 


Сонымен қатар биыл өңірдегі ірі мұнай өндіруші кәсіпорындарға және мердігер компанияларға 1 679 адамды жұмысқа орналастыру жоспарланды. Бүгінде 882 адам жұмысқа орналасты.