«Маңғыстау облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары шеңберінде Мұнайлы ауданында 150 төсек-орындық аудандық орталық аурухананың құрылысы басталды. Сонымен қатар мемлекеттік-жеке меншік әріптестік механизмі арқылы Ақтау қаласында бір ауысымда 300 адам қабылдайтын емхана салу жобасын жүзеге асырылуда. Рахат ауылында дәрігерлік амбулатория құрылысы аяқталуда», - деді Н.Ноғаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.


Материалдық-техникалық жарақтандыру көрсеткіші шамамен 90 пайыз. Қажет құрал-жабдықтар, дәрі-дәрмек бар. «СҚ Фармация» арқылы 2 млрд теңгеге жуық медициналық техниканың 18 түрін алу жоспарланған. Жергілікті бюджеттен 428 млн теңгеге техниканың 14 лотын сатып алу бойынша конкурс жүргізілуде. Сондай-ақ жедел-жәрдем станциясына 5 реанимобиль және 4 жедел жәрдем алу жоспарланған.