«Күдікті айыптауға, дәлелдемелерге, келтірілген залалмен дауласпаған кезде және жазаның түрі мен мөлшерімен келіскен жағдайда онымен кінәні мойындау туралы келісім жасалады. Мұндай істер сотта 10 тәуліктен аспайтын мерзімде қаралады және жазаның мөлшері осы баптың санкциясындағы ең жоғары мерзімнің жартысынан аспайды. Бұл рәсім сотта істердің тезірек қаралуына мүмкіндік береді, сотталушыларға стандартты форматтағы істерге қарағанда сот процесіне ұзақ уақыт қатысудың қажеттілігі жоқ. Қызылорда облысында 42 қылмыскерге қатысты істер кінәні мойындау туралы процестік келісім жасау арқылы сотқа жолданды. Олардың соңынан аталған рәсім шеңберінде Алматы облысында 15 адамға қатысты, Ақтөбеде – 3, Жамбылда – 8 және Шығыс Қазақстан облысында 3 адамға қатысты істер жолданды. Қарау нәтижелерімен 55 адамға қатысты үкімдер қабылданып, олар бойынша бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазалар тағайындалды», - деді Қилымжанов.


Мысалы, Талдықорған қаласының тұрғыны «Glock» қарулы пистолетін, оған оқ-дәрілерді және 5 жарық-дыбыс гранаталарын ұрлаған. Аталған азамат өз кінәсін мойындады және жасаған ісіне өкінді, сондай-ақ тергеу барысында қылмыстық қудалау органына көмек көрсетті. Осы мән-жайларды ескеріп, оған 3 жыл 6 ай мерзімге шартты жаза тағайындалды.