Билік өкілдеріне қарсы күш қолданып, мүліктерді жоюға байланысты ауыр қылмысты жасаған, залалды өтемеген және өтелмеген соттылығы бар 46 сотталушы бас бостандығынан айырудың нақты мерзіміне сотталды. Қазіргі уақытта 514 күдікті адам қамауда. 

«Көрсетілген адамдар қиратуларға, ғимараттарды өртеуге, атыс қаруларын жымқыруда, мемлекеттік объектілерге және құрылымдық күш қызметкерлеріне шабуылдауда белсенді түрде қатысқан. Әрбір қамауға алынған бойынша олардың қылмыстарға қатыстылығы жөнінде жеткілікті мәліметтер бар. Олардың барлығына қорғалу құқығы, санитарлық нормалар, тамақтану, дәрі-дәрмектер және ұстаудың тиісті жағдайлары қамтамасыз етілуде. Жеке басын, денсаулық жағдайын және басқа да сипаттайтын мән-жайларды ескере отырып, 284 адамның қамауда ұстау бұлтартпау шарасы, ешқайда кетпеу туралы қолхатқа, кепілге, үйқамаққа алуға және жеке кепілгерлікке ауыстырылды. Қылмыстық қудалау органдарымен қаңтар оқиғаларының барлық себептері мен мән-жайларын анықтау бағытында жұмыстар жалғасуда», - деді спикер.