«Тек арнайы прокурорлардың істері бойынша 30 мыңнан астам тергеу әрекеттері жүргізілген. Сараптама ұйымдарының өндірісінде үш мыңнан астам зерттеулер бар.  Барлық жұмыстар қылмыстарға әр қатысушысының рөлін анықтау, оның әрекеттерін объективті бағалау және заңды процестік шешім қабылдау үшін жасалады. Толық, объективті және жан-жақты тергеу жүргізу үшін қылмыстық қудалау органдарымен барлық күштер мен құралдар жұмсалуда», - деді Қилымжанов.


Тергеу әрекеттерін жүргізу барысында азаматтардың құқықтарының сақталуы және заңдылық қамтамасыз етілуде.