«Осы жылдың 5 айында қалаға тартылған нвестиция көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 29,2%-ға артып, 131,1 млрд теңгеден асты. Өсім динамикасы бойынша Шымкент қаласы республикада алғашқы орында. Мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге ауқымды қолдау көрсетілуде. «Бизнестің жол картасы - 2025» мемлекеттік бағдарламаның арқасында 13,3 млрд теңге қарастырылып, бүгінде 4,1 млрд теңгеге 1 830 жобаға қолдау көрсетілді. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 74 жобаға 1,1 млрд теңге қолдау көрсетілді. Жергілікті «Іскер қала» бағдарламасы аясында 944 млн теңге бағытталып, бүгінде 183,4 млн теңгеге 19 жоба қаржыландырылды. Сонымен қатар кәсіпкерлердің жеңілдетілген несиеге қол жеткізуі үшін «Shymkent–Atameken» микроқаржы ұйымы арқылы кәсіпкерлерге 25 млн теңгеге дейін 6%-дық несие беріледі.  Жыл басынан бері 865,6 млн. теңгеге 86 жобаға қолдау көрсетілді. «Бизнеске арналған үкімет – Shymkent Invest» бірыңғай орталығында 24 мыңнан астам  кәсіпкерге бизнес-жоспарды әзірлеуден бастап, жобаны пайдалануға беруге дейінгі құжаттарға байланысты қолдау көрсетілді», - деді спикер.