Сонымен бірге қазір қалада 2 жолайрық салынып жатыр. Биыл Рысқұлов-Қонаев жолайрығы толық пайдалануға беріледі. Арғынбеков-Бәйдібек би жолайрығы-ның құрылысы басталды, келер жылы аяқталады.
«Шымкент қаласында 2025 жылға дейін 3 жолайрық, 2 транзиттік айналма жол, А-2 автомобиль жолын қайта құру және Қонаев даңғылының жалғасын салу жұмыстары аяқталып, пайдалануға тапсырылады. Нәтижесінде жақсы және қанағаттанарлық жолдардың үлесі 2022 жылы 64,7%-дан 2025 жылы 79%-ға жетеді. Әуе көлігі жолаушыларына қолайлы жағдай жасау үшін жеке инвестор есебінен әуежайға жаңа терминал салынып жатыр. Құрылыс аяқталған соң, жолаушыларды өткізу қабілеті сағатына 200 адамнан 2000 адамға дейін өседі», - деді қала әкімі.
Шымкент әкімі өткен жылдың қорытындысы бойынша қаланың Жалпы өңірлік өнімі 2,6 трлн теңгеден асқанын, экономикалық өсім 5,4%-ды құрағанын атап өтті.
«Биылғы жылы да экономикалық өсім қарқынды, алғашқы бес айда өнеркәсіп өнім көлемінің индексі 7,9%-ға, инвестиция көлемі 29,2%-ға, құрылыс жұмыстары 3,4%, пайдалануға берілген тұрғын үй алаңы 44,5%, бөлшек сауда көлемі 18,5% артты», - деді әкім сөзін түйіндей келе.