Бұл туралы Димаштың өзі айтты. 

2022 жылғы 23 қыркүйекте Алматы қаласында «Stranger» атты концертім өтеді! Бұл менің оңтүстік астанада ұйымдастырылатын алғашқы жеке шығармашылық кешім.

Шоу Қазақстандағы ең ірі спорт ғимараттарының бірі - Орталық стадионда өтеді.

Құрметті тыңдармандарыммен туған елімде қайта кездесетініме қуаныштымын! Сіздерді асыға күтемін! Билеттерді сатудың басталғаны туралы қосымша хабарлаймыз. Ақпаратты жіберіп алмаңыз! - деді әнші.

Айта кетейік, Димаш Құдайберген 2017 жылы елордада «Арнау» атты концерт берген еді.