«Фестивальге қатысушылар мен қонақтарға қош келдіңіздер, дейміз және Сіздер үшін шын жүректен қуаныштымын. Бүгінгі таңда Қазақстанда құзға өрмелеу спорты көптеген кәсіби мамандарды ғана емес, сонымен қатар белсенді демалысты жақсы көретіндерді де біріктіреді. Аталған іс-шара осы спорт түрінің дамуына жаңа серпін беріп, оны неғұрлым танымал әрі бұқаралық ететініне сенімдімін. Жарысқа қатысушыларға сәттілік пен жеңіс тілеймін!»,- деді Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев.

Айта кету керек, фестиваль 1-3 шілде аралығында Ақмола облысында өтеді. Оған кәсіби спортшылармен бірге осы спорт түрін сүйетіндер де қатысады.