Осы кезеңдерден өткен Нұр-Сұлтан қаласының құрамасы жеңімпаз атанып, екінші орынды Ақтөбе облысының командасы және үшінші орынды Ақмола облысы жеңіп алды. Жарыс жүлдегерлері медальдармен, грамоталармен, сондай-ақ, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

«Жарыстың негізгі мақсаты төтенше жағдайлар туындаған кезде дұрыс әрекет ету дағдыларына үйрету және зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі көмек көрсету, балалар мен жастар арасында салауатты және қауіпсіз өмір салтын насихаттау, жеке және ұжымдық қауіпсіздік мәселелеріне саналы және жауапты қатынасты қалыптастыру», - деді Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар спорт федерациясының атқарушы директоры Дәурен Данаев.