ҚМА Қарағанды обл. бойынша департаменті Амангелді Қуаныш есімді ұйымдастырушысы бар бір топ тұлғалар тобына қатысты жұмыстарды іс жүзінде орындаусыз, қызмет көрсетусіз және тауарларды тиеп-жөнелтпей жалған шот-фактураларды шығару фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Тергеу барысында Амангелді Қ. 2017 жылдан бастап 2019 жылға дейінгі кезеңде үш серіктесімен алдын-ала келісім бойынша қылмысқа барғаны анықталды.

Амангелді Қ. пайда алу мақсатында 265 миллион теңгеден астам мөлшерде мемлекетке залал келтірілген салық салынатын айналымды жасанды түрде арттыру үшін бақылаудағы тұлғалар атына 29 кәсіпорын сатып алып, тіркеді.

Сот үкімімен Амангелді Қуаныш, Фуринец Дмитрий, Зинченко Сергей және Амангелді Айдос қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеумен 2 жылдан 2,5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды.